Жаңалық
Қазақстанда «Қайырымды істер марафоны» басталды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды.
Аймақтар донорлар мен меценаттар кездесуіне бейне-конференц-байланыс арқылы қосылды. Сондай-ақ, аталған кездесу Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Іс-шараға министр Аида Балаева, бизнес және үкіметтік емес сектор, қайырымдылық және еріктілер ұйымдары өкілдері қатысты.