Жаңалық
Қазақстанда қанша адам бар?
![](/storage/storage/element/2021/11/25/mainphoto/5h8NvGJt0l5RPtjNCVc6NdAjG8qTBtk00a2LmqId.jpg?time=1700976383)
Бүгінде елімізде халық саны 18767,5 адамды құрады, деп хабарлайды Статистика комитеті.
Ағымдағы жылдың 1 тамызында еліміздегі халық саны 18767,5 мың адамды құраса, оның ішінде қалалықтардан – 11049,0 мың (58,9%), ауылдықтардан – 7718,5 мың адамға (41,1%) жеткен.
Ал 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өскен. Халық санының ең көп өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалады: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында.