Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда қанша әйел және ер адам тұрады?

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы жүргізген халық санағы дерегіне сәйкес, Қазақстандағы әйелдер саны ерлерге қарағанда басым.

Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны жарты миллионға (536,3 мың) артық болған. Пайызбен есептесек, ерлердің үлесі – 48,6 пайыз (9 324 840 адам), әйелдердің үлесі – 51,4 пайыз (9 861 175 адам). 2009 жылғы халық санағы бойынша ерлердің үлесі 48,2 (7,7 миллион), ал әйелдердің үлесі 51,8 пайыз (8,2 миллион) болды. Осылайша, кейінгі 10 жылда ерлер мен әйелдердің арақатынасы ерлердің пайдасына 0,4 пайызға өзгерген.

Қазақстанда 1000 әйелге 945 ер адамнан келеді (10 жыл бұрын 929 адам болған).

Өңірлер арасында екі облыста ерлердің үлесі әйелдер үлесінен асып түскен. Олар Түркістан облысы (50,7 пайыз, 1 миллион 13 мың әйелге 1 миллион 40 мың ер адам) және Қызылорда облысы (50,2 пайыз, 408 мың ер адамға 406 мың әйел). Алматыда бұл көрсеткіш шамамен теңескен, 49,8 ер адам және 50,2 пайыз әйел адам.

Жас ерекшелігі бойынша 5-тен 9 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар көп. Сонымен қатар, 10 жастан 14 жасқа дейінгі қыздар ұлдарға қарағанда әлдеқайда көп. 20-24 жас аралығында керісінше: ерлер саны әйелдер санынан едәуір асып түседі (807 мың ер адам және 546 әйел адам).

2022 жылғы 1 тамыздағы халық санағы бойынша Қазақстан халқының саны 19 644 067 адам болған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button