Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар қанша адам тұрады?

Республикада 705 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар адам тұрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 705 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 421,5 мыңы еңбекке қабілетті жаста (59,8%), 181,9 мыңы зейнеткерлік жаста (25,8%) және 101,6 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,4%).

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) алушылардың саны 534,6 мың адамды құрайды. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 254,5 млрд теңге бағытталды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 700-ден астам мемлекеттік ұйым ұсынады, оның ішінде:

– стационарлық үлгідегі 116 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме;

– 87 мемлекеттік күндізгі күтім орталығы;

– 29 мемлекеттік оңалту орталығы;

– 493 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button