Жаңалық

Қазақстанда сайлау басталды

Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау басталды. Сайлауға «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы, Қазақстанның халық партиясы және «Adal» cаяси партиясы қатысуда, деп хабарлайды Ruh.kz Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлау комиссияларының таратқан мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан аумағында құрылған барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр.

«Астана уақытымен сағат 8:00-дегі жағдай бойынша облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес республикадағы барлық 9994 сайлау учаскесі және шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы 17 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.

Шетелдегі 49 сайлау учаскесі уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып, дауыс беруге кіріседі», – делінген таратылған хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларымен сайлаушылар тізімдерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарылды.

Сайлаушылар тізіміне 11 млн. 915 мың 903 сайлаушы енгізілді.

Азаматтар кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button