Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстанда трансферттік баға белгілеуге бақылау күшейтіледі

Фото: видеодан алынды
Мәжіліс депутаттары трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ruh.kz.
Түзетулер заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ трансферттік баға белгілеуді, капиталды елден шығаруға бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.
Ол үшін заң жобасы мыналарды ұсынады:
- экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының BEPS 13 қадамы бойынша ұсынымдарына сәйкес үш деңгейлі есептілікке қойылатын талаптарды жетілдіру;
- тауар биржаларында жасалған мәмілелерге трансферттік баға белгілеу бойынша бақылауды қайтару;
- өзара байланысты тараптарды айқындауды кеңейту;
- интерквартильді диапазонды қолдану;
- нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіру.
Заң жобасы халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелер мен халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттің кірістер шығынын болдырмауға оң әсер етеді.