Жаңалық

Қазақстанда тұңғыш экологиялық театр ашылды

Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен мемлекеттік грант аясында Қазақстандағы алғашқы экологиялық театр ашылды деп хабарлайды Ruh.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эко-театрды құру үшін Ұлттық Дельфий комитеті командасының мамандары мен орыс драма театрының қоюшы режиссерлері шақырылды, олар балаларға «Гринейктердің оқиғалары» ертегісі негізінде қойылым дайындады. Қойылымға 15 оқушы қатысып, тағы 15 бала жас көрермен болды. Шығармашылық ұжым оқушыларға эко-мәдениетті өнер арқылы түсіндіруді мақсат етеді. Жас көрермендер үшін айына екі спектакль өткізу жоспарлануда.
Жобаның мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін насихаттау.
Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында, театр қабырғасында «Эко-шеберхана» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Мұнда келушілерге қолөнер мен қалдықтарды қолдана отырып, эко-мәдениетті бейнелеу мен сақтаудың жолдарын көрсетеді.
Елордалық оқушылар «эко-шеберханаға» аптасына екі рет келе алады.
Қазақстанда алғаш рет ұсынылған «Эко-театр» және «Эко-шеберхана» жобалары ӨКМ операторының бастамасы бойынша Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «Адал Ниет» қорының қолдауымен іске асырылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button