Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген неше мектеп бар?

Қазақстанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілген бір ауыл, 200 көше, 39 мектеп, 1 әуежай және 1 музей бар.

«Біздің министрлік ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағын шығарып, республикалық, облыстық, аудандық кітапханаларға таратады. Сонымен қатар ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық метражды көркем фильм түсіріледі. Ахмет Байтұрсынұлының есімі республика көлемінде 1 ауылға, 200-ден астам көшеге, 39 мектепке, 1 әуежайға және 1 музейге берілген. Сондай-ақ, осы айда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас мамандарға насихаттап, кітапхананың мәртебесін көтеру мақсатында кітапханашылардың республикалық төртінші слеті өтеді», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен ғылыми-практикалық халықаралық конференцияда.

Одан бөлек, министр мәлімдегендей биылғы «Алтын домбыра» ақындар айтысына Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбы арқау болмақ.

«Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйіне ғылыми реставрациялық жұмыс жүріп жатыр. Жалпы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған дүниесі біздің баға жетпес асыл мұрамыз», – дейді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button