Жаңалық

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдау: жаңа шаралары

Фото: kursiv.media

Экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер осыған бағытталған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Олар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ үшін реттеу режимін қалыптастыруға қатысты жасалды. Компания толыққанды экспортты дамыту институтына қайта форматталады.

Оның қазіргі функцияларына (сақтандыру, қайта сақтандыру) тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де экспорттық операцияларға кепілдік беру, жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді экспорттау үшін сауданы қаржыландыру мөлшерлемелерін субсидиялау сияқты өкілеттіктер қосылады.

Бүгін Мәжіліс заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button