Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы
Қазақстанда зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ең жоғары төлем 707 мың теңгеден асты.
![](/storage/storage/element/2022/06/24/mainphoto/ialY9SRUD6xZbNfZ78hEmrn373hIs15sXaV04umJ.jpg?time=1700796515)
«Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейді. 2022 жылдың бес айында салымшылардың шоттарына шамамен 661,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 147,2 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% МЗЖ бойынша түсімдер құрайды», – деп мәлімдеді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері салымшыларға 947,5 млрд теңге төленді. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрады.
«БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды», делінген хабарламада.