Қазақстандағы топ 10 шипажай
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы санаториялық-курорттық объектілердің үздік ондығын хабарлады.
Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирустық инфекциясынан кейін қалпына келтіру тақырыбы, сондай-ақ осы аурудың алдын-алу бұрынғыдан да өзекті мәселе болып тұр. Өз кезегінде, мұндай сұраныс санаториялық-курорттық демалыс пен медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан өзінің бірегей рекреациялық ресурстарымен пост-ковид оңалту мақсатында санаториялық-курорттық демалысты ұйымдастыру бойынша ТМД көшбасшысы бола алады.
Қолайлы климаттық жағдайлар, минералды су көздерінің және шипа балшық кен орындарының болуы Қазақстанның барлық өңірлерінде емде-сауықтыру аймақтарының дамуына ықпал етеді.
Короновирустан кейінгі оңалтудың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығы санаториялық-курорттық объектілерді зерттеп, COVID-19-ға шалдыққан адамдарды оңалту бағдарламалары бар 10 үздік шипажайды анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығымен бірлесіп, курорттық аймақтардың айналасындағы инфрақұрылымның бар-жоғын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын зерделей отырып, санаториялық-курорттық объектілерге зерттеу жүргізді.
Короновирустан кейінгі оңалтудың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты оңалту бағдарламалары бар санаторийлер ондығы:
1. «Алтынай» шипажайы (Сарыағаш)
2. «Қазақстан KZ» шипажайы (Сарыағаш)
3. «Манкент» шипажайы (Түркістан облысы)
4. «Merke Radon» шипажайы (Жамбыл облысы)
5. «Айша-бибі» шипажайы (Жамбыл облысы)
6. «Қазақстан» шипажайы (Алматы)
7. «Altyn Kargaly» шипажайы (Алматы)
8. «Almaty Resort» шипажайы (Іле Алатауы)
9. «Nurbergen Health Resort» шипажайы (БҚО)
10. «Шипагер» шипажайы (Ақтөбе облысы)