Жаңалық

Қазақстандық білім беру жаңа форматта талқыланды

 «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары, экология, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасын талқылау циклін іске қосты.

«Қазақстандағы білімнің қолжетімділігі: де-юре және де-факто» тақырыбындағы алғашқы сараптамалық диалогы онлайн-форматында өтті.

Сарапшылар мен мүдделі тараптар білім беру саласындағы заңнаманы талқылады және оның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған ақпаратқа және халықаралық шарттарға қол жеткізу туралы құқықтық нормаларға сәйкестігін қарады. Жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында педагогтар мен жұртшылық арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін, әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияны жөнге салуды ұсынды

Сарапшылар ҚР Білім және ғылым министрлігі енгізетін жаңа бағдарламалар туралы қоғамға толығырақ ақпарат беру қажеттігін атап өтті.

«Стейкхолдерлер «болашақтың мамандықтары» туралы ақпарат берудің қажеттілігі туралы айтты. Бұл оларға студенттерді оқыту және білікті кадрларды даярлау үшін қандай жаңа дағдылар қажет екенін түсінуге және одан әрі оқыту бағдарламаларын жаңғыртуға көмектеседі», – деді пікірталас алаңының модераторы – тәуелсіз сарапшы Өжет Шегірбаев.

Талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ қызметкерлері, Қазақстандық инновациялық академиясының ректоры Берік Қадыров, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, Қазақстанның білім беру мекемелерінің сарапшылары мен оқытушылары қатысты.

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты сондай-ақ денсаулық сақтау, жер қатынастары, экология, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша пікірталастарды жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Карантин жағдайында біз барлық талқылауларды онлайн режимінде өткізуге мәжбүрміз, дегенмен, зерттеу сапасына бұл әсер етпейді. Барлық сараптамалық ұсыныстар тіркеледі және қарауға беріледі», – деді ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова.

ҚҚДИ – қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» бағдарламалары бар.

Медиа-байланыс және PR басқармасы

Байланыс телефоны: +7-707-702-77-15 Виктория

Email: pr@kipd.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button