Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық олимпиадада бес медаль иеленді
Токиода физика бойынша халықаралық олимпиада аяқталды (IPhO-2023). Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысты. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болып, 100% нәтиже көрсетті:
Ерсұлтан Пітебай – Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
Алишер Еркебаев – Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
Марғұлан Нұрсағатов – Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;
Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы;
Даир Нұртаев – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері- PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко.
Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті, – дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.
Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.