Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандық пара бишілер халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Елордалық пара бишілер халықаралық лицензиялық турнирде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

5-6 тамыз аралығында Токио қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық жарысқа 18 елдің спортшылары қатысты. Ел намысын Ардақ Отарбаев, Севда Әлиева, Айдана Бегленова қорғады. Жарыс нәтижесі бойынша Ардақ Отарбаев пен Севда Әлиева – DUO FREESTYLE CLASS 1 би санаты бойынша 1-орын, DUO STANDART CLASS 1 санатынан 2-орын алды.

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова COMBI LATIN CLASS 1 би санатынан қола жүлдені иеленді.

Ардақ Отарбаев – MAN FREESTYLE CLASS 1 санатынан 3-орынды иеленді.

Айта кетейік, аталмыш жарыс арбамен билеуден әлем чемпионаты алдындағы лицензиялық жарыс болып есептеледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button