Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазақстандық семсерлесушілер Каирде өткен әлем чемпионатында ТОП-10-қа кірді
Каирде семсерлесуден әлем чемпионаты жалғасуда. Әлем біріншілігі аясында (семсер) семсерлесушілер арасында медальдар ойнатылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан атынан бұл спорт түрінен Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Үздік нәтижеге Руслан Құрбанов пен Эльмир Әлімжанов қол жеткізді. Олар 1/4 финалына жетті. Нәтижесінде Руслан Құрбанов Олимпиада чемпионы Роман Канонға (Франция) жол беріп, алтыншы орынға ие болды, ал Эльмир Әлімжанов бельгиялық Лойол Нейсерден айласын асыра алмады жетінші орынға табан тіреді.
Вадим Шарлаимов 56-орында. Дмитрий Алексанин 77-орынды қанағат етті.
Алтын медальді Роман Канон жеңіп алды, жапондық Минобе Казуясу екінші, ал қола Лойол Нейсер мен украиндық Игорь Рейзлиннің еншісінде.