Жаңалық

Қазақстандық студент туризм саласы бойынша халықаралық байқауда 3 орынды иеленді

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Туризм» мамандығы бойынша оқып жатқан 4 курс студенті Мерей Төлеген EURHODIP форумында 3 орынға ие болды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Биыл EURHODIP қауымдастығының форумы аясындағы халықаралық байқау 1-5 қараша аралығында Солтүстік Кипрдегі Фамагуста қаласында өтті. «Туризм» мамандығының 4-курс студенті Мерей Төлеген «Tourism management» секциясында жүлделі 3-орынға ие болды. Ол қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Милан қаласындағы IULM университетінде оқып жатыр.

Атап өтсек, Абылай хан университеті Бельгияның Брюссель қаласында орналасқан EURHODIP туризм және қонақжайлылық саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары қауымдастығының мүшесі.

Аталған қауымдастықпен ынтымақтастық аясында «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтарының студенттері жыл сайын халықаралық студенттер байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып отыр. Аталған іс-шараның өтетін орны жыл сайын өзгеріп отырады және түрлі елдерде өткізіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button