Жаңалық

Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.

Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.

Сонымен қатар форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.

Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button