Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстандық жас ғалым полиэтиленге эко-балама әзірлеуді қолға алды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымы Нариман Қайырбеков  «Табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу» атты жоба бойынша  полиэтилен пакеттерге эко-балама жасап шығармақ.

Полиэтилен пакеттері көптеген ғасырлар бойы биологиялық түрде ыдырамай, қоршаған ортаны ластануға әкеледі. Мәселенің өзектілігін түсінген Нариман Қайырбеков мектепте оқып жүріп, осы мәселені шешу жолдары туралы ойлаған. Қазір жас ғалым тақырыпты толыққанды зерделеу мен эксперименттік зерттеулер сатысында.

Мен крахмал немесе целлюлозадан биоматериал жасауға тырысамын. Қолданғаннан кейін оларды ыдырату үшін суда еріту жеткілікті. Қазір материалдың икемділігімен жұмыс істеудемін. Менің арманым қазақстандық өндірісте биологиялық ыдырайтын өнімді жасап шығару, – дейді Нариман.

Бүгінгі таңда ЖОО ғалымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берген. Жас ғалым мемлекеттен қаржылық қолдау алған жағдайда, жобаны толықанды жүзеге асыруды қолға алатынын айтты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button