Қазақстандық жас ғалым жасанды интеллект көмегімен білім беру жүйесін өзгертпекші
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті информатика кафедрасының аға оқытушысы Парасат Тазабекова білім беру жүйесін жасанды интеллект көмегімен өзгерткісі келеді. Ол үшін постдокторант студенттерге сабақ беруде тиімді 10 генеративті жүйені анықтаған, деп хабарлайды Ruh.kz ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас ғалымның айтуынша, жасанды интеллектіге негізделген генеративтік жүйелер озық технологиялармен ұштаса отырып, жаңа қолданыстар тауып отыр. Бұл бастама білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды оқытудың жаңа тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Постдокторант өз идеясын оқу процесіне енгізуге белсене кіріскен және қазірдің өзінде әріптестерімен бөлісіп келеді.
Атап айтқанда, жас ғалым академиялық бағдарламаларды әзірлеушілермен бірлесе отырып, өзге ұстаздарға практикалық семинар өткізді. Онда жасанды сананың мүмкіндіктері мен оны білім беру жүйесін өзгерту үшін қалай пайдалануға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ оқыту процесін барынша ыңғайлы, күрделі ұғымдарды студенттерге түсінікті ететін жасанды сананың тәсілдерін ұсынды.
Парасат Тазабекова оқытушыларға генеративті жүйенінің теориясын таныстырып, жаңа құралдарды тәжірибеден өткізіп көрсетті. Семинарға қатысушылар сондай-ақ GhatGPT, Bard, Notion AI және оқыту процесін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да бірқатар цифрлық қызметтермен танысты. Осылайша, жас ғалым жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізуге өз үлесін қосуда.