Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та түзете ала ма?
Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
![](/storage/storage/element/2022/05/24/mainphoto/dZE7Cc4NOdqRiPAgyH4FMOXpQgcLVYAHsYldTqg7.jpg?time=1701320233)
«Жеке деректердің жалған, сәйкес келмеу фактілері бар. Мысалы, сіздің 4 балаңыз болғанымен, eGov-та 3 бала деп көрсетіп тұрады. Немесе мүлдем баласы әлде жұбайы жоқ деп көрсетеді. Мұны қалай ретке келтіруге болады? Бұрын АХАТ-қа, анда-мында барушы едіңіздер. Енді eGov-тың ішінде бір түймені басып, сол жерге өзіңіздің мәліметтеріңізді, туу туралы куәлік, жеке куәлік суретін жүктеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ал жасы үлкен не eGov-ты қолдана алмайтын азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, өтініш бере алады. Бірақ, бұл процесс 3 күннің ішінде аяқталуы тиіс, мәліметтер базаға кіруі қажет», – деді министр Ақтөбе облысы жұртшылығымен кездесу барысында.
Оның айтуынша, кеше Үкімет басшысының төрағалығымен цифрландыру комиссиясының отырысы өткен. Отырыс қорытындысымен осындай іс-шаралар бекітілді.
«Бұл халқымыз үшін үлкен проблема болатын», – деді Бағдат Мусин.