Қазақстандықтар қандай айлықты қалайды?
Қазақстандық жұмыс іздеушілердің көпшілігі айына 100 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін табыс тапқысы келеді.
GorodRabot.kz бос жұмыс орындарын іздеу жүйесін зерттеу нәтижелері бойынша, қазақстандық жұмыс іздеушілердің 64%-ын 100 мың теңге мен 200 мың теңге аралағындағы жалақы мөлшері қанағаттандыратын көрінеді.
Сұралғандардың 18%-ы айына 200 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейінгі жалақы алуды қалайды.
Сауалнамаға қатысушылардың 4%-ы 300 000 – 400 000 теңге жалақы алғысы келеді, ал 8%-ы 400 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін ақша тапқысы келеді.
Айына 500 000 теңгеден астам ақша табу – жұмыс іздеушілердің 6 пайызының мақсаты.
Сауалнама GorodRabot.kz сайтында және іздеу жүйесінің әлеуметтік желілерінде өтті. 2021 жылғы 6-12 қыркүйек аралығында сауалнамаға Қазақстанның 1350 тұрғыны қатысты.
Сайт көрсеткіші бойынша 2021 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда 12 000-ға жуық бос жұмыс орны бар.
Олардың 15%-ында жалақы 60 мыңнан 100 000 теңгеге дейін көрсетілген, бос орындардың 42%-ы 100 мыңнан 200 000 теңгеге дейін жалақы ұсынады.
Жұмыс берушілердің 9%-ы 300 мыңнан 500 000 теңгеге дейін, ал 4%ы айына 500 000 теңгеден артық төлеуге дайын.
Сату менеджерлері, сатушылар-кеңесшілер, бухгалтерлер, жүк тиеушілер, күзетшілер, кеңсе менеджерлері, сауда өкілдері, жұмысшылар мен экспедитор жүргізушілері үшін жұмыс жетерлік.