Жаңалық Редакция таңдауы

Қазақстанға келген шетелдік қонақтар қанша күндік тур алады?

eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді.

Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды. Ал, Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен.

eQonaq жүйесі – елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат – туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button