Жаңалық

Қазақстанның 12 өңірінде көктемгі ҰБТ басталды

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютер форматында өтеді деп хабарлайды Ruh.kz Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловқа сілтеме жасап.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың мәліметтерінше Қарағанды облысында көктемгі ҰБТ 18 наурызда өткізілетін болады.

«10 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде тестілеу басталады. Қарағанды облысында ҰБТ 18 наурызда өткізілетін болады», -деп жазды Дидар Смағұлов Facebook -тегі парақшасында.

Айта кетйік, көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютер форматында өтеді. Оның нәтижесімен ақылы бөлімге түсуге болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button