Қазақстанның музыкалық этнографиясының 200 жылдығы аталып өтуде
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстанның музыкалық этнографиясының 200 жылдығына арналған « ХХІ ғасырдағы дәстүрлі музыка» атты халықаралық конференциясын бастады.
Конференция асында қазақ музыкалық аспаптарын қайта жаңғыртқан қазақтың танымал ғалымы Болат Сарыбаевтың 90 жылдығы мен Халық әні бөлімінің 30 жылдығына арналған маңызды даталар қамтылуда.
Атап өтер болсақ, қонақтар арасында Түркия, Қырғызстан, Молдова, Башқұртстан, Өзбекстан, Қарақалпақстаннан, және де еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген дәстүрлі орындаушылар бар. Бұлар тек орындаушылар ғана емес, дәстүрлі музыканының орындалуы мен даму заңдылығын зерттейтін зерттеушілер.
«Осыдан тура 200 жылдай бұрын 1818 жылы Астрахандағы Азиялық журналда Иван Добровольскидің авторлығымен қазақ әнінің алғашқы ноталық жазбасы жарияланды.Сол уақыттан бастап қазақ мәдениетін, оның ішінде музыкалық мәдениетін жүйелі зерттеу бастау алды», – делінген хабарламада.
Конференция аясында дәстүрлі орындаушылық өнерге, дәстүрлі музыканы зерттеудің заманауи әдістеріне, сондай-ақ өнер, білім және ғылымдағы дәстүрлі мәдениеттің мұралары туралы дөңгелек үстелдер мен секциялық мәжілістер өткізіледі.
Конференцияның екінші күні, арнайы шақырылған шетелдік зерттеушілер мен дәстүрлі орындаушылардың шеберлік -класстарына арналған.