Жаңалық

QazFoodInEU облыстық онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздар құрақ көрпелер мен сандыққа ие болды.

Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырған QazFoodInEU облыстық онлайн байқауының жеңімпаздарын мараттау шарасы өтті. Ұйымдастырушы Инновациялық Еуразия университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасының басшысы Шынболат Тәшековтың айтуынша, жобаға 60-тан астам адам қатысқан.

«Алпыс адамның ішінен байқаудың барлық шарттарын орындаған қырық қатысушы іріктеліп алынды. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Бірінші орынға Павлодар қаласының Бұқар жырау мұражайы, екінші орынға Екібастұз қаласының «Атамұра» мәдени орталығы, ал үшінші орынға Тереңкөл ауылының аграрлық-техникалық колледжі ие болды», – дейді Шынболат Тәшеков.

Жобаның бірінші орын иегері Бұқар жырау мәдениет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Маржан Шайхимова «талқан» тағамын жасаған.

«Менің нағашы апамның әкесі өз қолымен жасап кеткен диірмені бар. Сол диірменді қолдана отырып, талқанның жасау әдісін қазіргі өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ата-бабалырымыздың әдісімен жасадым», – дейді Шайхимова Маржан.

Жеңімпаздарды ИнЕУ ректоры Никитин Евгений марапаттады. Жоба ұйымдастырушысының айтуынша, алда «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты көптеген шаралар өткізу жоспарда бар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button