Жаңалық Редакция таңдауы

Қазіргі кезеңде саяси реформалар сәтті жүзеге асты  – Аида Балаева

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының әрбір жолдауы дәстүр бойынша алдыңғы реформалар кезеңін қорытындылап, алдағы уақыттағы өзгерістерді айқындаумен ерекшеленеді, деп жазды Facebook желісінде.

Өз жазбасында Аида Балаева қазіргі кезеңде саяси реформалардың сәтті жүзеге асып жатқандығын жазды.

Президент жолдауларын іске асырудың негізгі нәтижелері –Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланған болатын. Жұмыс барысындағы кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, Үкімет алдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жол ашты.

Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында саяси реформаларды терең әлеуметтік-экономикалық реформалаумен ұштастырудың маңызына мән берілді. Негізі, бұл жұмыстар бұрыннан қолға алынған еді және қазіргі уақытта дайындық процестері аяқталды. Оның бір мысалы ретінде Ғылым және жоғары білім министрлігін жеке ашу мен Ұлттық Ғылым академиясының қайта құрылуын айтуға болады. Бұнпай қадамдар ұлттың қуатты зияткерлік әлеуетін экономиканы әртараптандыруға және экономика саласына жаңа өнертабыстар мен инновацияларды енгізуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Президент тұрақты дамуға, зияткерлік пен мәдени өсуге, креативті ойлауға ұмтылған ел азаматтары – мемлекеттің дамуында шешуші рөл атқаратынын және мемлекет өз кезегінде оларға барлық қолдау көрсететінін атап өтті, –  деп жазды А. Балаева Facebook-тағы парақшасында.

Оның айтуынша, адами капиталды дамытпай бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мүмкін емес.

Бұл бағытта жүйелі жұмыс құрметті мамандық иелерінің (білім беру мен медицина қызметкерлерінің) мәртебесі мен жалақысын көтеріп, мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа кәсіби стандарттар сияқты басқа да қолдаулар шеңберінде ұзақ уақыт бойы жүргізілуде.

Жалпы алғанда реформалардың барлық кешені кезең-кезеңімен және жүйелі түрде іске асырылуда. Бұл орайда, нақты мақсатты айқын түсіну үлкен маңызға ие. Яғни, атап айтқанда, заң үстемдігі, тұрақтылық, азаматтық жауапкершілік, мәдениет пен бірлік сынды мызғымас құндылықтарға негізделген әділ де әлеуметтік мемлекет құру, – деді министр Аида Балаева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button