Жаңалық
Редакция таңдауы
Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады
«Қазпошта» АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды.
Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
«Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады», – делінген ресми хабарламада.