Жаңалық

Қобыланды қандай батыр?

Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген.

Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрметтеген.

Қазақ халқының эпостық қаһарман батыры – Қобыланды батыр. Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В. Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазған еді. Мазар ерте кезде бұзылып, ХХ ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған. ХХ ғасырдың елуінші жылдары ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап кесікінін жасауды жоспарлайды.

Мемориалдық кешен Қобыланды батырдың сүйегі қайта жерленген мавзолейден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады. Төбесінен қарағанда кешен қалқанның үстіне қойылған батырдың дулығасына және жанында жатқан садаққа ұқсайды.

Мавзолейдің негізгі қабырғасы Ресейде жасалған күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі – 7 метрге жуық 15 үшкір тіреулер тәрізді қаланып, сыртқы пішіні батырдың дулығасы тәріздес күмбезделген. Оңтүстік-шығыс бетінде биіктігі – 5 м. кіреберіс-пештақ орналасқан. Мавзолейдің жалпы биіктігі – 17,5 м., диаметрі – 16 м. Мавзолейдің сыртындағы жалпы диаметрі – 78 м. дөңгелек шеңбер-қалқанды айнала 29 меңгіртас символы көгілдір түсті шамдалдар кіреберістен оңтүстік шығысқа қарай биіктігі – 2 м. қызғылт гранитпен қапталған 20 үшкір балбал тастар символы орнатылған.

Кешеннің екінші бөлігі мавзолейдің батыс бөлігіндегі жалпы аумағы – 447 м2 батырдың садағы бейнелі Даңқ залынан, холлдан және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерінен тұрады. Кешенде Қобыланды батырдың қайрақ тасы, сүйегі қайта жерленгенде орнатылған тас белгілер орналасқан. Кешен Жиренқопа ауылының шығысында, Ұлы Қобда өзенінің бойындағы жалпы аумағы – 2,06 га жерді алып жатыр.

Қобыланды батырдың есімі еліміздің басқа өңірлерінде де мәңгі сақталған. Батырға Қызылорда мен Қостанайда да ескерткіштер орнатылған. Оның есімімен Астана, Кентау (ОҚО), Әйтеке би (Қызылорда облысы) және Зачаганск (БҚО) кенттеріндегі көшелер аталды. Ақтөбеде Қобыланды батырдың есімі Орталық стадион мен көшеге берілді.

Батырдың мемориалдық кешені туристердің белсенді баратын орны болып табылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button