Жаңалық

Қоғамды жастар өзгертеді

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде Мемлекет басшысы, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға университеттің ұстаздары мен студенттері қатысып, өз ойларын білдірді. Шараның негізгі мақсаты – сайлауалды науқан кезінде қазақ жастарының бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік сынды құндылықтары негізіндегі саяси мәдениетін арттыру.

«Бүгінгі таңда әлемдегі технология дамыған сайын ақпарат тарату да, адамдардың тілдесуі де оңай әрі қолжетімді болып келеді. Жалған ақпарат тарату әсіресе қазіргі уақытта, яғни кезектен тыс сайлау алдын көбейіп кетті. Тарихи тұрғыда адамдар фактілер мен шындықтарды жеткізу үшін журналистерге және басқа ақпарат мамандарына сенім артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасындағы «Әділдік – мәдениетіміздің ажырамас бөлігі және ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығымыз» деген жолдарын әр азаматқа, әр сайлаушыға жан-жақты түсіндіруіміз, жүрегіне жеткізуіміз қажет», – дейді кітапханалық ақпараттық жүйелер мамандығының ІІІ курс студенті Тілеуқабыл Айғаным.

Білім алушылардың студент кезден бастап-ақ елдегі саяси өзгерістерге өздігінше баға беріп, өз деңгейінде пікір білдіргені қуантады!

 «Қоғам өзінің саналы, сауатты азаматтарымен, білімімен қауқарланған, үлгілі жастарымен озық. Тәуелсіз мемлекеттің даңғыл жолында демократия ұғымы тұр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында «Біз әлем үшін ашықпыз, үздік жаһандық жетістіктер мен озық технологияны игеріп, ендіруге талпынып келеміз. Өмірдің барлық саласында жаңашылдыққа дайынбыз» деп айтқан сөзі жастардың ұдайы демократия қағидаттарына деген сенімін артттырады. Әрбір адам, мемлекет тұрғыны өзінің пікірін білдіру құқығына ие және ойының жариялануына құқылы. Мен осы тұрғыда, айтқым келетіні құқық жайы. Әлбетте, медиакеңістікте ақпараттарды оқи отыра, оларды синтездеп, сүзгіден өткізу сол шеңбердегі мамандарға ғана емес, әр пайдаланушы, мемлекеттің жергілікті тұрғындарына да арналады. Себебі, қоғам пікірінің әр арнада өрбуі арқылы мемлекет демократиясы, ой-пікірі түзіледі» – дейді журналистика факультетінің ІІІ курс студенті Сұлтан Бағдат.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button