Жаңалық

Қорытынды ақпарат: Рухани серпілістің сәтті бастамасы

Аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына жыл толуына арналған «Рухани серпілістің сәтті бастамасы» атты G-gloval коммуникативтік платформасында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. 

Шара Елбасының бағдарламалық мақаласында айтылған бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы принциптері негізінде қоғамдық сананы жаңғыртуға байланысты атқарылған жұмыстарға баға беру мақсатында ұйымдастырылды.

Ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында «Туған жер», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» секілді маңызды тақырыптар аясында баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ бағдарламалық мақала аясында жүзеге асырылып жатқан 6 арнайы бағдарламаның маңызы мен бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері сөз болды. Түркістан қаласындағы Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен тікелей байланысқа шыққан ғалымдар да тақырып төңірігінде келелі ойларын ортаға салды. Қазақ тілінің латын графикасына көшуге байланысты кеңінен сөз қозғап, тарихтан сыр шертті. Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдарымен пікір алмасып, сауалдарын да жолдады.

Сонымен қатар заман талабына сай ІТ-платформаларды енгізу, интернет-ресурстар мен сандық технология негізінде шаралар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, азаматтық қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз ететін механизмдер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Осылайша, жаңаша, G-gloval  коммуникативтік платформасында өткен онлайн-конференция көптің көңілінен шықты

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button