Жаңалық

Қорытынды мәжілісте не айтылды?

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылы жүзеге асырылу нәтижесі мен 2021 жылғы жұмыс жоспары» тақырыбында қорытынды мәжілісі өтті. 

Аталмыш шараға Ақмола облысының 17 ауданы мен 2 қаласындағы мемлекеттік мекемелерінің, ішкі саясат, білім, мәдениет, архивтер және құжаттамалар, туризм басқармаларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жауапты мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілесте Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің 2020 жыл бойы атқарған қызметі туралы кеңсе басшысы Марал Жақыпованың, бөлім басшылары Серғазы Қайырболды, Қайрат Сейтқазин және бөлім маманы Ерден Нұрмұхаметтің баяндамалары тыңдалды.

Баяндама барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламысының үш негізгі бағыты: «Тұлғалық даму», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтың дамуы» және 17 арнайы жобасы мен 2020 жылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда қол жеткізілген жетістіктері сөз болып, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Сонымен қатар, шара барысында «Рухани жаңғыру – жаңа қырынан» ақпараттық филмінің және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру әдістемелік жинағының таныстырылымы өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button