Ақмола облысы
Қосағалы батыр Төлекұлы кесенесі

Кесене Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Азат тауында орналасқан.
Қосағалы батыр Төлекұлы (1740-1813) – Көкшетау өңірінің тумасы, Орта жүздің ханы Уәлидің заманында өмір сүрген. Қазақтың белгілі күйшісі Дәулеткерей өзінің «Қосағалы» атты күйін арнаса, Ақмола-Көкше аймағында оның атымен аталатын жер, су атаулары да кездеседі. Қосағалы батыр өзінің ата-бабалары сияқты (бойы 2,76) алып денелі батыр болған. Оның жерлеу орны 4 метр болған.
Қосағалыны өз тұсында Омбы шекпенділерінің шенеуніктері, татар байлары да танып, сыйласып, онымен санасқан, одан ақыл-кеңес сұраған. Оған Омбы губернаторы тарапынан «Алтын тон» аталатын оқалы шапанын тарту етіп, бұл жәдігердің жұрнағы күні кешеге дейін батыр ұрпағы Дәкен Боқанов ақсақалдың үйінде сақталып келген.