Редакция таңдауы Жаңалық

Қосшы қаласында үш ауысымдық білім беру толықтай жойылды

Ақмола облысының Қосшы қаласында биылғы жылы Білім күніне орай, екі жаңа білім ордасы ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ruh.kz.

«Bazis Construction» мердігерлігімен 1500 орындық мектеп-гимназия жеке инвестиция есебінен салынды. Мектеп алаңы – 17,5 мың шаршы метр. Оқу кабинеттері қажетті компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз етілген, 360 орындық асхана, 280 орындық акт залы, 2 спорт залы, 4 информатика кабинеті, музыкалық аспаптар кабинеті, буфет, кітапхана, 3 кітап қоймасы, сондай-ақ гимназияда (қыш шеберханасы, роботтехника, фотостудия кабинет сияқты) арнайы кабинеттер бар. Бұдан бөлек химия, физика, биология, технология кабинеттері барлық қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Мектеп жоғары сапалы, заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Берген Жұмкейұлы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары:
Білім күні баршаңызға құтты болсын! Биылғы жылы қаламызда жағымды жаңалықтар көп, ең бастысы жас қаламызда үш ауысымдық білім беру толықтай жойылады. Жалпы жаңа 2023-2024 оқу жылының басында 7 мектепке Қосшы қаласы бойынша 10 809 оқушы барады. Бірінші сынып оқушыларының саны-1321, оның ішінде жеке мектепте -77, Тайтөбедегі мектепте -71.
Өткен оқу жылында Қосшыда 10 029 оқушы білім алған. Оның ішінде 268 түлек -11 сынып бітірген. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 251 оқушы қатысты, оның ішінде “Алтын белгі” иегері -12; үздік аттестат иегері -16; ҚР жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантты 99 оқушы иеленсе, Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына-1, шет елдердің жоғары оқу орындарына-2 оқушы түсті.
2024 жылы Абай Құнанбаев көшесінде жобалық қуаты 1200 орындық мектепті іске қосу жоспарлануда, сонымен қатар 2024 жылы Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 3 бірдей білім ошағаның іргетасы қаланып басталады. Бұл мектептерді 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Келесі білім ордасы 1200 орындық мемлекеттік тілде білім беретін заманауи мектеп. Жалпы ауданы – 20357 мың шаршы метр. Ғимарат 3 қабаттан, 6 блоктан тұрады.


Оқу кабинеттерінің саны-50. Химия, физика, биология, технология кабинеттері, қажетті жиһазбен толықтай жабдықталған. 384 орындық асхана, 600 орындық акт залы, ауданы 520 шаршы метр спорт залы, метал, ағаш, мата өңдеу шеберханалары, алғашқы әскери дайындық кабинеті бар. Құрлысқа жауапты мердігер «Астана-Көктем» ЖШС.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button