Жаңалық

ҚР АҚДМ және UNICEF жастар жобасын жүзеге асыруда күш біріктіруде

ҚР АҚДМ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Samgau бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Бағдарламаның басты бағыттары сыни ойлауды, топта жұмыс істей білуді, креативтілікті, Қазақстан жасөспірімдері мен жастарының дағдыларын дамыту болып табылады.

Бағдарламаның бастамашылары: БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Samgau (Upshift) бағдарламасы жастардың әлеуметтік осал бөлігінің, соның ішінде NEET санатындағы жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бүгінде жоба еліміздің алты өңірінде Жастар ресурстық орталықтарының негізінде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өмірлік маңызы бар дағдыларды оқыту бойынша 30-дан астам семинар, 2 онлайн буткамп өткізілді. Бұған қоса, бағдарлама аясында 13 команда шағын гранттар алып, өз жобаларын жүзеге асыруда.

Алматы қаласы Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі маманы Александра Мартынчик Samgau жобасына қатысу тәжірибесімен бөлісті: «Көктемде әріптестерімізбен бірге Samgau Upshift курсынан өттік. Ал шілде айында біз Алматы қаласының ЖРО жанынан Samgau Upshift жобалық кеңсесін ашып, жастарды өзіміз оқытып, олардың идеяларын жобалауға және жоспарлауға көмектестік. Осы жобаға қатыса отырып, біз қаламыздың жастарына бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береміз және менің ойымша, бұл тамаша жоба, өйткені жастардың идеясы өте көп, тек оларға қолдау қажет».

«Қарқаралы ауданының жастары арасында, жақында біздің ЖРО базасында бизнес негіздері, әлеуметтік кәсіпкерлік, тайм менеджмент, сыни, шығармашылық және креативті ойлау, коммуникативтік және көшбасшылық дағдылар, топтық жұмыс сияқты өмірлік маңызды дағдыларға тегін оқуға мүмкіндік пайда болды. Бұл Samgau UPSHIFT жобасының арқасында мүмкін болды. Жоба аясында ЖРО-да барлық қажетті заттармен жабдықталған кабинет ашылды. Онда ерекше қажеттіліктері бар жастарға (АИВ инфекциясы және басқа да созылмалы аурулары, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар) басты назар аударылатын болады», – деп атап өтті Қарқаралы ауданының ЖРО басшысы Қобыланды Ерсайын.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 9 шілдесінде ҚР АҚДМ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен БҰҰ Балалар Қоры (UNICEF) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Оның маңызды бағыты – ел өңірлерінде Samgau (Upshift) жобасын одан әрі жүзеге асыру.

«Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошевтің айтуынша, «UNICEF-пен келісім Қазақстанның әлеуметтік осал жастарын қолдау бойынша күш-жігерді біріктіруге жағдай жасап, жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».

Меморандум шеңберінде тараптар жастар ресурстық орталықтарының қызметін одан әрі дамыту және жетілдіру, жасөспірімдер мен жастардың дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тұрақты модельдерін құру, жастар қызметкерлерін оқыту және жастар ресурстық орталықтарын кеңейту, белсенді әріптестік пен менторлық қолдауды көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында зерттеу жұмыстарын жүргізудегі және талдамалық шолулардың нәтижелерімен алмасудағы ынтымақтастық сияқты түйіткілді бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасасып, күш-жігерді біріктіретін болады

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button