Жаңалық

ҚР АҚДМ-ң «Adaldyq alańy» жобалық кеңсенің жұмысы

Бүгін, 30 қазанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сонымен бірге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізу жоспарланған. Оның барысында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің мақсаттары мен міндеттері талқыланады.

Атап кетсек, министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділері кіретін «Adaldyq alańy» тобы қызмет істеп келеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалды, сонымен қатар ведомстволық бағынысты ұйымдарда да талдау жүргізу жоспарланып отыр.

Талдаудың мақсаты мен міндеті: қалыптасқан тәжірибені, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің шарттарын және себептерін анықтау.

Мәдениет және спорт министрлігімен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ бірлесіп 4 бейнеролик дайындалды.

Сервистік модельге көшу шеңберінде барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарға хат жолданды, мәселе күн тәртібінде тұр.

«Adaldyq alańy» тобы ұсыныстарға, шағымдар мен бастамаларға ашық. Сенім телефондары мен пошта, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық ақпараттық ресурстарында орналастырылған.

Еске сала кетейік, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың кеңселері құрылды.

Сыбайлас жемқорлық барлық елдер үшін күрделі және көпқырлы проблема болып табылуда, оған интеграцияланған және келісілген түрде қарсы тұру керек.

Бүгінде жоба бірегей алаң – мемлекет пен қоғамды біріктіретін көпір болып табылады.

Жобаның басты мақсаты – күнделікті сыбайлас жемқорлықты барынша азайту. Бұған қол жеткізу үшін ашықтықты және мемлекеттік органдардың есептілігін арттыру, қоғамда адалдық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның ерекшелігі оны жүзеге асыруға көбінесе азаматтық қоғамның қатысуы.

«Adaldyq alańy» жобалық кеңселері Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ көптеген министрліктерде жүзеге асырылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button