Жаңалық Редакция таңдауы

ҚР Еңбек Ері Илья Жақановтың «Аққу әні» және «Інжу маржан» кітаптарының таныстырылымы өтті

Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен басылып шыққан дарынды композитор, айтулы қаламгер, ҚР Еңбек Ері Илья Жақановтың «Аққу әні» және «Інжу маржан» кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ашық дереккөзден
И. Жақановтың аталған еңбектерінде Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілердің әндері мен халық әндерінің шығу тарихы, Моңғол, Қытай жерлерінде, Алтай, Тарбағатай аймақтарында орындалған қазақ әндерінің, сондай-ақ, «Елім-ай», «Алаш марышы», «Абылай марышы», «Әупілдек», «Ақ баян», «Шәпибаяу», «Мұхида-Шәйбан», «Ағажан-Ләтипа» сынды әндердің шығу тарихы, қилы тағдыры, орындалу ерекшеліктері баяндалады. Бұл еңбекті ҚазҰӨУ ф.ғ.д, профессор М. Жолдасбековтың жетекшілігімен Қорқыт Ата ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері дайындап шығарған.

ҚР Еңбек Ері Илья Жақановтың «Аққу әні» және «Інжу маржан» кітаптарының таныстырылымы өтті

Кешке ғалымдар мен өнер қайраткерлері, студенттер, жалпы өнер сүйер қауым өкілдері қатысты. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева құттықтау сөзінде И. Жақановтың қазақтың ән өнерін зерттеп, кеңінен танылуына, насихатталуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. ҚазҰӨУ Оқу және оқу-әдістемелік жөніндегі проректор А. Тұрымбетова, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры П. Шегебаев, Қорқыт Ата ғылыми-зерттеу орталығының басшысы профессор Мырзатай Жолдасбеков, ф.ғ.д., профессор Серік Негимов т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, И. Жақановтың шығармашылығы, көп жылдар бойғы жүргізген ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызы мен құндылығы, қазақ өнерінің, мәдениетінің дамуына қосқан үлесі жайында баяндалып, таныстырылып отырған туындының қазіргі өнерде жүрген жастар үшін құндылығы мен жалпы қазақ руханиятына қосылған бағалы еңбек екендігі атап өтілді. Автор өз еңбегі, шығармашылығы, зерттеулері туралы студент жастарға кеңінен әңгімелеп берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button