Тілші: Министр Ақтоты Райымқұлова халық алдындағы есептік кездесуінде халықаралық терминдер жағдайы туралы айтқаны әлеуметтік желілерде талқыланып жатқаны белгілі. Сіз не айтасыз?
Ғалымжан Сәрсенбайұлы: Иә, Ақтоты Рахметоллақызы бекітілген, қазақ тілі қорына енген терминдер туралы айтты. Әлемдегі барлық тіл осылайша басқа тілдердегі сөздер арқылы байиды. Мысалы, ағылшын және орыс тілдерінде де мұндай сөздер көптеп кездеседі. Орыс тіліндегі біраз сөздер түркі тілінен алынған: “деньги” – өзіміздің “теңге”.
Деньги – түркіше теңге, арабша данек, Персияда дангх, Индияда, Тибетте, Цейлон мен Непалда танка, тангка, таньга, Бұхар әмірлігінде, Хиуа және Қоқан хандықтарында таньга, теньга.
Осы “деньги/теңге” байланысын өзгерту ешкімнің ойына да келмейді, ешкім өз сөзін ойлап табуға ұмтылмайды да. Мысалы, картофель сөзі неге “картоп” деп күлетіндер де бар. Петр Бірінші кезінде Ресейге Голландиядан келген картофель тілімізге осы түрде кіріп, орнықты. Ал Еуропаға картофельді Оңтүстік Америкадан испандықтар әкелген, ол жақта оны “папас” деп атайды. Картоп туралы кеңінен айтуымның себебі – бұл әлемдегі жаһанданудың айқын көріністерінің бірі! Теңге мен деньги туралы айтпай-ақ қоюға болады. Жаһандану процесінде адамзат жалпы қолданыстағы терминология арқылы қарым-қатынас орнатады. Жаһандану арқылы тұрмыс, ғылым, басқа салаларға жаңа терминдер еніп жатыр. Кейбірі бірден қолданысқа еніп кетеді, қайсібірін қоғам қабылдамай қояды. Әлбетте, біз төл табиғатымызды сақтауымыз қажет. Ол мінезімізден, мәдениетімізден, өнеиімізден көрініс тауып жатыр. Ал жаңағы терминдер біздің әлемді тануымызға, ғылымды игеруімізге көмектесетін сөздер. Әлемде барлық затты немесе барлық жаңалықты жасайтын жеке дара ұлт жоқ. Адамзат баласы ойлап тапқан жаңалық пен игілік барша адамзатқа ортақ, соның қатарында – баршаға түсінікті, жалпыға ортақ термин сөздер.
Тілші: Жақсы, алайда мынадай сұрақ туындап тұр: басында сөздер қазақ тіліне аударылды, енді кері үдеріс басталып, біз халықаралық терминдерге қайтып келмекшіміз бе?
Ғалымжан Сәрсенбайұлы: Дұрыс айтасыз. Замана көшінде адамдар түрлі сөздерді ойлап тауып, жаңа, өзіндік қолданыстарын қалыптастырды. Көріп отырғанымыздай, олардың көпшілігі жұртшылықтың көңіліне қонбағандықтан “өліге айналды”, ал кейбірі халық санасына тым жақсы сіңіп кетті.
Байқап қарасақ, кейбір терминдер мүлдем қолданылмайды, алайда олар кезінде белгілі бір терминнің баламасы ретінде мақұлданып кеткендіктен қолдануға тиістіміз. Кей оқулықтар мен мақалаларда өте сирек кездесетіні болмаса, ұғымға ауыр, жалпы жұртшылық қабылдамаған. Адамдарды мәжбүрлей алмайсың. Елге “инвентарь” деп айту жеңіл болса, оны мәжбүрлеп “мұқаммал” дегізе алмайтынымызға келісесіз ғой?! Немесе “демаркация” сөзі тірі, яғни қолданыста бар, ал соны “шегендеу” деп қолданғанды естімедік деуге болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыған байланысты айтқан қатал әрі негізді сыны бәріміздің есімізде болар. 2018 жылы Президент марқұм Еркеғали Рахмадиевтің бұрын “композитор” едім, енді “сазгер” болдым деп реніш білдіргенін ескертіп өткен болатын. Елбасы “композитор” немесе “пианино” деген халықаралық сөздер екендігін уәждей келіп, мұндай аудармалардың бізге берері аз екенін сынаған болатын.
Бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес, шындығында да “пианино” сөзінің баламасы ретінде “күйсандық” сөзін алу таңқаларлық, өйткені “сандық” – “сундук” заттың атауы емес пе? Демек, орысша мағынасы “музыкальный сундук” болып шығады ғой. Нұрсұлтан Әбішұлы келтірген келесі мысалмен де толық келісемін. Ол “процент” халықаралық сөзін түркі тілінің емес, парсы тілінің “пайыз” сөзімен алмастырғанын да дұрыс сынаған еді. Елбасы айтқандай, “Қазақ тілінде қандай аудармалар жасалмады десеңші! Тіпті кейбіреулері атап айту ұят”. Шынымен, ұят қой.
Тағы бір мысал – “мейрамхана”. Бізге хабарласып, неге “мейрамхана” екендігін сұрайды. “Мейрам” – мереке деген мағына береді, ал біз ол жерде тек мерекені ғана тойламаймыз. Кейбіреулер “ресторанды” қайғылы жағдайларға байланысты да қолданатыны бар, ал халықтың басым көпшілігі әртүрлі тағамдары бар қоғамдық тамақтану орны ретінде тұтынады. Негізінде “ресторан” сөзі француз тілінің restaurer, яғни “тамақтандыру” етістігінен бастау алған. Ал француз тіліндегі restaurer сөзі латынның restaurer сөзінен негіз алып, дәл сол мағынаны береді. АҚШ-да restaurant деп қандай бір тамақтану орнын атайды. Енді елімізге әртүрлі елден туристер келіп жатыр деп елестетейікші. Туристер үшін өздеріне таныс маңдайша жазуларды көрген ыңғайлы емес пе! Біздің халық үшін де шетелге шыққанда бірден түсінуге жеңіл болмай ма! Өздеріңіз бағасын беріңіздер! Ағылшын тілінде restaurant, неміс тілінде restaurant, испан тілінде restaurante, түрік тілінде restoran, француз тілінде restaurant, итальян тілінде ristorante, тіпті әзербайжан, қызғыз, орыс, украин және өзбек тілдерінде ресторан “ресторан” болып қалған. Бұл елдерде ұлттық бірегейлікті жойып алу мәселесі мүлде болмайды. Себебі халықаралық терминдерді пайдаланған кезде ондай қауіп төнбейді. Егер халықаралық термин ретінде байырғы терминдерді берсе, онда халықтың наразылығын түсінуге болар еді. Себебі ондай жағдайда қазақтың ежелгі, тарихи сөздері жойылады. Олай болғанда, мен бірінші болып ана тілімізді қорғауға шығар едім!
Бәрі орнында, достар, тілімізге шет тілдерден келген терминдердің барлығын ауыстыру мақсаты қойылып отырған жоқ. Министр бір-екі термин жөнінде ғана айтты. Біз қолданысқа енбеген, мәні мағынасына сай емес терминдерді қарастыруымыз керек.
Тілші: Терминдерді бекіту тәртібі қандай? Мысалы, мамандар мен лингвист ғалымдарды тартасыздар ма?
Ғалымжан Сәрсенбайұлы:Термин бекіту жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – жекелеген мекемелер өздерінің ұсыныстарын Termincom.kz. жібереді. Ұсынған сөздердің беретін мағынасына лингвистикалық сараптау жүргізіледі. Сараптау жұмысына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, басқа да мамандар тартылады.
Екінші кезеңде ұсынылған әрбір сөздің термин ретінде әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түрік, татар сияқты туыстас түркі тілдерінде және ағылшын, француз, орыс тілдерінде қалай екендігі сарапталады. Үшінші кезеңде бұл ұсыныстар Тermincom.kz сайтында көпшілікке кеңінен таныстыру мақсатында жарияланады. Өткен жылдан бастап осы сайтта әлеуметтік желілерге қосылған арнайы терминологиялық алаң ашылды. Алаңның мақсаты – бекітілуге ұсынылған сөздерге қатысты көпшіліктің пікірін білу. Осы үш кезеңнен өткеннен кейін ғана ұсыныстар Республикалық комиссияға жіберіледі. Білікті мамандардан, ғалымдардан тұратын комиссия олармен алдын-ала танысады, содан кейін барып комисия отырысы шақырылады. Осы отырыста ұсынылған терминдер талқыланып, бекітуге жіберіледі.
Тілші: Оңай үдеріс емес екен.
Ғалымжан Сәрсенбайұлы: Иә, тіл мәселесі бір күнде шешіле салатын дүние емес екенін тағы да қайталаймын, сондықтан мемлекеттік тіліміздің барша жанашырларына айтарым: біз кез келген пікірді тыңдауға дайынбыз, оның сапасы және өміршеңдігі жолында бірлесе жұмыс істейік! Қош келдіңіздер! Қуанышпен қарсы аламыз!