Жаңалық
ҚР Суретшілер Одағы 90 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық көрме ашылды
Көрмеге өңірлерден келген 250-ден астам кәсіби қазақстандық суретшілердің, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Беларусь, Бурят, Литва, Тәжікстан, Украина және Молдова суретшілерінің туындылары қойылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Көрмеде заманауи өнердің барлық жанрлары мен стильдері, әр түрлі көркемдік қозғалыстардың тоғысында жасалған, сапалы жаңа шығармашылық жаңалықтар мен жаңа пластикалық мүмкіндіктер бар туындылар ұсынылған.
Бұл көрме – Қазақстандағы кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнердің кәсіби форумы.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы ұйымдастырды.