Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада белгілі жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ұлттық кітапхана

Әдеби ортада оқырман тарапынан жақсы баға алып үлгерген кітаптың таныстырылымы жоғары деңгейде өтті. «Ziyat» кітап баспасынан жарық көрген кітаптың тұсаукесер кешін жазушы Өміржан Әбдіхалық жүргізді.

Кітаптың тұсауын ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ақын, Жанарбек Әшімжан, халықаралық «Turkistan» басылымының бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы, ақын Қалқаман Сарин сынды қаламгерлер кесті. 

Астанада белгілі жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесері өтті

Қанат Тілеухан 1982 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде филология факультетін тәмамдаған. «Қараштың әңгімелері» атты прозалық кітаптың авторы. «Алтын тобылғы» әдеби байқауының проза номинациясы бойынша арнайы жүлдеге ие болған.

Астанада белгілі жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесері өтті

Әдеби кеште сөз алған қаламгерлер жазушының жазу стиліндегі артықшылықтарға тоқталып, жылы лебізін білдірді. 

Шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиет жанашырлары, ақын-жазушылар, оқырмандар, қаламгердің жақындары қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button