Жаңалық
Редакция таңдауы
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды
Бұл қызметке Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ruh.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: baq.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын Талғар ауданаралық арнайы шаруашылық бірлестігінде комбайншының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы министрі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ) ректоры қызметтерін атқарды.