Жаңалық
ҚР Ұлттық музейінде «Нағым-Бек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.
Экспозиция еліміздің жетекші музейлері қорындағы 50-ге жуық туындыдан құралған. «Туған өлкенің пейзаждары» және «Еңбек пен құрмет: еңбек адамдарының портреттері» атты екі тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар суретшінің туған жерімен және оның адамдарымен терең байланысын көрсетеді.
Көрменің ашылуына суретшінің жақындары, өнертанушылар мен мәдени қайраткерлері қатысып, оның мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі туралы ой бөлісті.
Көрме келушілер үшін 2024 жылдың 8 желтоқсанына дейін ашық болады.