Қостанай облысы
Құлымбет әулие Тәтібекұлы кесенесі
![](/storage/storage/element/2022/01/05/mainphoto/VS7bZ1S49J1ryMsYNYGKHE1o76SoPXA2GVzIKnqs.jpg?time=1702197797)
Нысан мерзімі: ХХ ғасырдың басы.
Нысанның орналаскан жері: Арқалық қаласы, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай 7шақырым жерде.
Кесене портал-күмбезді, шаршы пішінді құрылыс болып табылады, Орталық Қазақстан сәулетінің дәстүрлі үлгісімен жасалған.
Құлымбет Тәтібекұлы (1840-1913) көзі тірісінде әулие атанған, көріпкелдік қасиетімен адамдардың дертіне ем тауып емдеп, сол үшін де ел арасында атақ-абыройға ие болған. Оның атақ-даңқы туған жерінен тыс жерлерге де таралды. Қазіргі күнге дейін, осы қасиетті адамның жерленген орнына көптеген науқастар ауруына шипа іздеп келеді.