Құқықтық мәселер бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өтті
Бүгін Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» ӨЖК Ақмола облысы Әділет департаментімен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында Адалдық алаңында нотариустармен атқарушылық жазбаны жасау және мұрагерлік істі рәсімдеу мәселері бойынша дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.
Іс-шара барысында Ақмола облысы Нотариалдық палатасының төрайымы Кубетаева Назира сөз сөйлеп, нотариустармен атқарушылық жазбаны жасау тәсілдеріне тоқталды. Көкшетау қаласының жеке нотариусы Молдабекова Гүлжан нотариустармен мұрагерлік істерді рәсімдеу жайын мәлімдеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде құқықтық мәселелер бойынша Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Мұхамедьяров және ӨЖК бас маманы Ташкина Ғалия сөз сөйледі.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету біздің басты мақсатымыз», – деді Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әкімова.