Жаңалық Редакция таңдауы

Құқықтық қаты­насты нығайтудың негізгі мәселелері

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (БПҮК) 32-ші отырысының жұмысына қатысты.

Күн тәртібіне қыл­мыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес және актив­терді қайтару, экс­тре­мис­тік, сондай-ақ өз­ге де құқыққа қайшы ақ­па­­ратты таратуға қар­сы іс-қимыл, адам сау­да­сы­на, заңсыз көші-қон­­ға қар­сы күрес және басқа да өзекті мәселелер шы­ға­рылды.

Қазақстан Бас Про­куроры өз баянда­ма­сын­да қылмыстық про­цесте бизнесті қорғау және экономикалық ре­сурс­тардың заңсыз шо­ғырлануы мен заңсыз шы­ғарылған капиталды қайтаруға қарсы іс-қи­мыл мәселелері бо­йын­ша еліміздің оң тәжі­ри­бесімен бөлісті.

Сонымен қатар Бе­ла­русь, Әзербайжан, Қыр­ғызстан, Армения, Өзбекстан және Ресей Бас прокурорларымен екі­жақты кездесулер өт­кізіліп, бұл мемлекет­термен құқықтық қаты­насты нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ іс-ша­ра ба­рысында адам құ­қы­ғы мен бостан­ды­ғын қам­тамасыз ету мақ­­са­тында Қазақ­стан мен Ресей Бас про­ку­ратуралары арасын­да­ғы «Байқоңыр» ке­шені аумағындағы ын­ты­­мақтастық туралы ке­лісімге қол қойылды.

Кездесу қорытын­дысы бойынша бар­лық қатысушылар қыл­мыстың барлық түр­леріне қарсы кү­рес са­ла­­сындағы халық­ара­лық ын­тымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет біл­дірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button