ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚАУЫМҒА ПАНА
Арнайы жоба «Құқықтық сана – қауымға пана»
Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
Құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша кең ақпараттық науқан өткізу.
Еңбек ұжымдарында құқықтың түрлі аспектілері бойынша оқыту дәрістерін ұйымдастыру және өткізу.
Құқық бұзылған жағдайда қабылдануы қажет іс-әрекеттер бойынша халықпен мастер-класс ұйымдастыру және өткізу.
Құқықтық мәселелер бойынша өңірлерде семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
Халықтың құқықтық санасын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруға ҮЕҰ өкілдерін тарту.
Құқықтың түрлі салалары бойынша білім беру және тәжірибелік-бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу.