Батыс Қазақстан облысы

ҚЫЗ ӘУЛИЕ БҰЛАҒЫ

Қыз әулие бұлағы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақсуат кентіне жақын жерде Қараағаш орманының ішінде орналасқан. Бұлақтың суы Сырт алды кемерінің борлы қабатынан, Орал маңы үстіртінен бастау алып шығып жатыр.

Қыз әулие бұлағы туралы ел аузында: «Баяғы заманда Нұрғали деген кісінің Салиқа атты қызы 11 жасында бұлақтың көзін ашқан екен. Анасына «мен 17 жасымда, інім 15 жасында дүниеден өтеміз. Мен осы бұлақтың көзін аштым. Күндіз біреу болсам, түнде он боламын» депті. Айтқанындай, інісі екеуі өзі айтқан жастарында дүниеден өткен екен» деген аңыз бар. Сол себепті мөлдір бұлаққа «Қыз әулие» атауы берілген екен. Айналасында өсіп тұрған ұзынды-қысқалы ағаштарға амандық тілеу, елдікке сенім, балалардың амандығы, жастар сезімінің пәктігі деп арнайы ақтықтарды байлайды. Бұлақты әулие қыз қарайды, күтіп, тазалайды деген де аңыз бар. Тіпті Ақсуат ауылында жоғалған баланы ауыл болып іздеп, екі күнде әзер тапқанда балаға бұлақтан су ішкізіп, ит-құсқа жем қылмаған да ару-әулие деседі.

Қазір де осында келушілерден: «Иіс сабын мен кір сабынды қатар қойсаң, иіс сабын жоқ болып кетеді. Оны әулие қыз алады-мыс» деген әңгімелер жиі естіледі. Жаздық аптап күндерібұлақтың мөлдір суы тастай, ал қыстың 40-градус аязында ешқашан қатпайды. Судың құрамында көп мөлшерде күміс бары анықталды. Су асқазан ауруларына, тірек-қимыл аппаратына жақсы әсер етеді, қан қысымын қалпына келтіреді.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/kz/attraction/view?id=35

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button