Жаңалық Редакция таңдауы

Қызыл кітап: Қарақал мен Сібір қандығы

«Қазақстанның Қызыл кітабы» айдарының бүгінгі санында жануарлар санатынан қарақалға, өсімдіктер санатынан сібір қандығына тоқталамыз.

Қарақал, қарақұлақ (лат. Caracal caracal) – мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Құмды жерде жақсы жүре алады, өйткені табандары жүнді келеді, осының жәрдемімен денесі құмға батпай, сусымалы құмдардан жеңіл жүріп өте алады. Денесінің ұзындығы 65 – 82 см, құйрығының ұзындығы 25 – 30 см, салмағы 11 – 13 кг. Қазақстанның шөл, шөлейтті аймақтарында және тау аңғарында кездеседі сондай-ақ құз-жартастарда өмір сүреді.  Яғни, Қазақстандағы таралу аймағы елдің солтүстігі. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында, Үстіртте, негізінен Батыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақта, Бозашы, Маңғышлақ, Түпқараған түбегінде, Қарынжарық, Бостанкұм, Сеңгірқұм, Сам, Матайкум және басқа жерлерде таралған. Олар осындай ауданда тіршілік етуге бейімделген. Маңғыстау облысында олардың саны – шамамен 300-400. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусінге жатқызылды, олардың сыртқы пішіні ұқсас, бірақ бірқатар генетикалық сипаттамаларға байланысты ол жеке тұқымдасқа бөлінді. ТМД аумағында оның саны аз болғандықтан, «Қызыл кітапқа» енген.

Сібір қандығы (лат. Erythronium sibiricum) – лалагүлдер тұқымдасының қандық туысына жататын ең бір әдемі гүлдейтін көктем флорасының өкілі. Қазақстанда таралуы Алтай тауы мен Шығыс Қазақстан облысымен шектелген. Жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда, аласа таулардан орманның жоғарғы шекарасына. Жапырағының барлығы екіден, қарама-қарсы орналасқан, кең қандауырша пішінді, күңгірт жасыл, көптеген мрамор тәрізді күрең дақты, гүлдері дара, иілген, жапырақшалары артқа қайырылған. Аталықтары жақсы ерекшеленеді, ашық сары, ұзын тозаңдарымен. Тұманды күндері және салқын түсүден гүлсерігінің жапырақтары иіледі. Осындай жолмен тозаңды суланудан қорғайды. Қандық өсу ортасына байланысты сәуірдің соңынан шілденің басына дейін гүлдейді. Қандық ерте көктемдегі омарталық өсімдік ретінде және сәндік өсімдік жоғары бағаланады. Пиязшықтары маринадталған және қайнатылған түрде жеуге жарамды. Халықтық медицинада жиі қолданылады қан аздықты, жүйке жүйелерін емдейді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button