«Қызыл қар» романы жарық көрді
Министр Аида Балаева «Қызыл қар» атты романының тұсаукесеріне қатысты.
Белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» атты романының тұсаукесері өтті.
Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Қызыл қар» романының авторы, белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, жазушылар, ғалымдар және басқа да шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысты.
Өз сөзінде министр, өмірінде де, көркем әдебиетте де Жұмабай Шаштайұлы шынайы позицияны ұстанатын азамат, сонымен бірге ел журналистикасының дамуына өз үлесін қосқан журналист екендігін атап өтті.
«Қызыл қар» атты дебюттік шығармасы сонау Кеңес дәуірі кезеңінде жазылып, сол тұстағы жоғары сындылардың сынына іліккенін білеміз», – деді Аида Балаева.
«Қызыл қар» романы жуық арада кітапханалар мен кітап дүкендеріне жеткізілетін болады.