Жаңалық

Қызылорда: Білім. Болашақ. Жаңғыру

Қызылордада «QYZYLORDA: Білім. Болашақ. Жаңғыру» атты облыстық жастар форумы  өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен форумның пленарлық отырысы өткізілді. Қызылорда қаласы және аудандардан келген делегаттар, облыстық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, ІТ саласының үздік мамандары, оқу орындарындағы және кәсіпорындарындағы жастар комитетінің жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін Достық үйінде «Qazaqstan» РТРҚ бас продюсері, тележүргізуші Н. Қоянбаев және  «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқарушы директоры А.Бралиев жастармен OPEN SPACE форматында сұхбат жүргізді.

Атап өткендей, форымның мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау болды.

«Форумның пленарлық отырысында облыстық жастар жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша хабарлама жасады. Ал, белгілі саясаткер Айдос Сарым «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда Сыр өңірінің алғашқы болып «Өзендер өркениеті» жобасын жүзеге асыруын ұсынды. «Инновациялық технологиялық паркі» автономдық-кластерлік қорының басқарушы директоры Алжан Бралиев қордың Цифрлы технология саласындағы жұмыстарымен кеңінен таныстырды», – делінген хабарламада.

Жалпы, форум мемлекеттік жастар саясаты саласында жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде алдағы мақсат-міндеттерді айқындау үшін өткізілді.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау туралы облыстағы жастар саясаты саласындағы мамандарға кең көлемде ақпараттар берілді. Алдағы жоспарлар пысықталды.

Сондай-ақ, жастар арасында жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар беріліп, жыл соңына дейін жастар облыстық әлеуметтік жобалар байқауын ұйымдастыру жоспарланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button