Қызылорда облысында колледж жанынан құзыреттілік орталығы ашылды
Қызылорда облысында техникалық мамандықта білім алатын студенттер үшін жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. Орталық И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі базасынан құрылды, деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құзыреттілік орталығы өңір экономикасын бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
Колледждегі жаңа орталық «Жас маман» жобасы аясында іске асып, нәтижесінде 2 зертханалық кабинетпен жабдықталған. Бұл, әсіресе, «электрмен қамтамасыз ету», «электр және электр механикалық жабдықтар» мамандықтарының студенттері үшін өзінің кәсіби қабілеттерін ұштауға зор мүмкіндік.
Жаңа орталықта оқу зертханасы, WorldSkills тренажарлық жаттығу кабинеті орналасқан. Құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін бірқатар кәсіпорындармен екіжақты меморандум жасалды.
Алдағы уақытта жаңа орталықта көшпелі және қашықтықтық әдістемелік іс-шаралар, конкурстар мен семинарлар, шеберлік сағаттары өткізілмек.